Нидерландтан Қазақстанға 7000-нан астам алма телітушісі әкелінді

  • Home
  • Нидерландтан Қазақстанға 7000-нан астам алма телітушісі әкелінді
Shape Image One

Нидерландтан Қазақстанға 7000-нан астам алма телітушісі әкелінді

Қазақстанға Нидерланды елінен 7 мыңнан астам алма телітушісі жеткізілді. Бұл шара өнімділік пен жеміс сапасын арттырудың негізгі тетіктерінің бірі саналатын вируссыз отырғызу материалын қалыптастыру жүйесін дамыту аясында жүзеге асырылуда.

Іріктеу мен жеткізу жұмыстары Naktuinbouw ұйымының ұсынымдары негізінде жүргізілді. Аталған ұйым тұқымдар мен отырғызу материалдарын сертификаттау саласында халықаралық деңгейде мойындалған құрылым болып табылады. Жеткізуші ретінде basic санатындағы материалды ұсынатын Vermeerderingstuinen Nederland компаниясы таңдалды.

Қазақстанға заманауи қарқынды бақтарда кеңінен қолданылатын M9, MM106, MM111, B9, M7, P16 және P22, сериялы алма телітушілері әкелінді. Сонымен қатар, Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты биотехнологиялық зертханаларына in vitro әдісімен өсірілген pre-basic және basic санатындағы шамамен 3 мың өсімдік алынды. Олардың қатарында отандық селекцияның клондық түрлері де бар.

Алматы облысында институттың «Талғар» филиалы базасында вируссыз телітушілерді өсіруге арналған бастапқы учаске құрылды. Бұл учаске алдағы уақытта сапалы отырғызу материалын көбейтудің негізгі көзіне айналады. Сонымен қатар, 1,5 гектар аумақта аналық-қалемшелік бақ қалыптастырылуда, бұл көшет өндірісін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жоба аясында сорттық құрамды әртараптандыруға да ерекше назар аударылған. Қазақстанға Gala, Fuji, Golden Delicious, Granny Smith сияқты коммерциялық сұранысқа ие сорттармен қатар Rubinette, Topaz, Baya Marisa секілді заманауи селекциялық сорттар да әкелініп, қазіргі уақытта жергілікті жағдайларда сынақтан өткізілуде.

Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қолдауымен ғылыми-техникалық бағдарлама аясында жүзеге асырылуда.

Күтілетін нәтиже — вируссыз отырғызу материалын енгізу арқылы бау-бақша шаруашылығындағы шығындарды азайту, өнімділік пен өнім сапасын арттыру, сондай-ақ Қазақстанның жеміс-жидек өнімдері нарығындағы экспорттық әлеуетін күшейту.

Мақала сілтемесімен бөлісіңіз
0
kk

Контактная информация Свяжитесь с нами​

Телефон

+7 (7172) 72-86-71

E-mail

agrobilimonline@gmail.com

График работы

Понедельник-пятница с 09.30-18.30

Если у Вас остались вопросы, можете связаться с нами, заполнив следующую форму: