Дәнді дақылдарға фитосанитарлық мониторинг жүргізілді

  • Home
  • Дәнді дақылдарға фитосанитарлық мониторинг жүргізілді
Shape Image One

Дәнді дақылдарға фитосанитарлық мониторинг жүргізілді

Алматы және Жамбыл облыстарында дәнді дақылдар егістіктері мен жабайы дәнді өсімдіктерде фитосанитарлық мониторинг жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында жол бойымен әр 20–30 км сайын тоқтап, егістік жағдайына кешенді бақылау жасалды.

Мониторинг кезінде келесі деректер тіркелді: GPS координаттары (ендік, бойлық және теңіз деңгейінен биіктік), өсімдік түрі, сорты және даму фазасы, аурулар мен зиянкестердің түрі және даму кезеңі, сондай-ақ нысандар фототіркеуден өткізілді.

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде күздік бидай егістіктерінің басым бөлігі «Стекловидная 24» сортына тиесілі екені анықталды (85–90%). Сонымен қатар аз көлемде ресейлік қылтанақсыз сорттар (ықтимал «Бригада» және «Гром») кездесті. Арпа егістіктері негізінен қазақстандық «Нутанс» түршесіне жататын сорттардан (Арна, Сымбат, Ұлар) құралған. Дақылдар масақтану және гүлдеу фазасында болды.

Бидай егістіктерінде және жол жиегі мен егістік шетінде өсетін эгилопс (Aégilops) және жабайы арпа (Hordeum leporinum) өсімдіктерінде сары тат ауруының (Puccinia striiformis) әлсіз және орташа дамуы байқалды. Ауру уредо кезеңінде тіркелді. Сондай-ақ жапырақ тат ауруы мен ақ ұнтақ белгілері анықталды.

Арпа дақылдарында қатты қаракүйе (Ustilago hordei) және қоңыр дақ (Bipolaris sorokiniana) аурулары орташа деңгейде дамуда.

Зиянкестерден егістіктерде астық қандаласы (Eurygaster integriceps), өсімдік биттері (Aphididae), шегірткелер және қоңыздар кездесетіні тіркелді.

Жүргізілген мониторинг нәтижелері дәнді дақылдар фитосанитарлық жағдайын тұрақты бақылау және аурулар мен зиянкестердің таралуын алдын алу шараларының маңыздылығын көрсетеді.

Мақала сілтемесімен бөлісіңіз
0
kk

Контактная информация Свяжитесь с нами​

Телефон

+7 (7172) 72-86-71

E-mail

agrobilimonline@gmail.com

График работы

Понедельник-пятница с 09.30-18.30

Если у Вас остались вопросы, можете связаться с нами, заполнив следующую форму: