Қазақстан мен Қытай биопестицидтерді бірлесіп әзірлеуді бастайды

  • Home
  • Қазақстан мен Қытай биопестицидтерді бірлесіп әзірлеуді бастайды
Shape Image One

Қазақстан мен Қытай биопестицидтерді бірлесіп әзірлеуді бастайды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келісім-шарттарын іске асыру аясында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ, Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты және Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Өсімдіктерді қорғау институты (IPP CAAS) биопестицидтік өнімдерді бірлесіп әзірлеуді, технологиялар трансфертін жүзеге асыруды және Қазақстанда биологиялық өсімдік қорғау құралдарының өндірісін жергіліктендіруді көздейтін үшжақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа қол қою рәсімі Қазақстанға Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Өсімдіктерді қорғау институты (IPP CAAS), Қытай ауыл шаруашылығы университеті (CAU) және Zhongbao компаниясы делегациясының ресми сапары аясында өтті.

Іс-шараға онлайн форматта «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Максим Юрьевич Сутула құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту озық технологияларды енгізуге, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Меморандум аясында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, жаңа биопестицидтерді әзірлеу және сынақтан өткізу, технологиялар мен ғылыми құзыреттер алмасу, мамандар даярлау, сондай-ақ өсімдіктерді биологиялық қорғау саласындағы перспективалы ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру көзделген.

Қазақстан тарапынан кездесуге Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Бахытжан Әлішерұлы Дүйсембеков, ал Қытай тарапынан Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Өсімдіктерді қорғау институты Бас директорының міндетін атқарушы Чэнь Чан мырза қатысты.

Сапар аясында Қазақстан мен Қытай ғалымдарының қатысуымен «Зиянды организмдерді басқару жүйесі» атты халықаралық семинар өтті. Семинар барысында биопестицидтерді әзірлеу перспективалары, өсімдіктерді биологиялық қорғаудың заманауи әдістері, зиянды организмдерді мониторингтеу мәселелері және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру талқыланды.

Сонымен қатар, Қытай делегациясы Алматы облысындағы фитосанитариялық ахуалға бірлескен далалық зерттеулерге қатысып, аса қауіпті зиянды организмдерді мониторингтеудің заманауи технологияларымен, агроөнеркәсіптік кешеннің бірқатар бейінді кәсіпорындарымен танысу жоспарланған.

Қол жеткізілген келісім-шарттарды іске асыру өсімдіктерді биологиялық қорғау саласын дамытуға, ауыл шаруашылығына экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізуге және Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-технологиялық әріптестікті нығайтуға ықпал етері сөзсіз.

Мақала сілтемесімен бөлісіңіз
0

Контактная информация Свяжитесь с нами​

Телефон

+7 (7172) 72-86-71

E-mail

agrobilimonline@gmail.com

График работы

Понедельник-пятница с 09.30-18.30

Если у Вас остались вопросы, можете связаться с нами, заполнив следующую форму: