«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Асанов Қостанай облысындағы «Қазақ тұлпары» ЖШС базасында өткен «Қостанай дала фестивалі – Jańa Dala / Green Day 2026» халықаралық агрофестиваліне қатысты.

Фестиваль ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын өндірушілерді, заманауи технологияларды әзірлеушілерді, ғылыми қауымдастық, аграрлық бизнес, мемлекеттік органдар өкілдерін және әлемнің 20-дан астам елінен келген фермерлерді бір алаңға тоғыстырды.

Фестиваль аясында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-тың еншілес ұйымдары отандық ғылыми әзірлемелерді, ауыл шаруашылығы дақылдарының заманауи сорттарын, селекциялық жетістіктерді, өсіру технологияларын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді таныстырды.

Жалпы ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми әзірлемелері мен инновациялық жобаларын «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-тың тоғыз еншілес ұйымы ұсынды.

Көрмені аралау барысында Бауыржан Асанов ұсынылған ғылыми әзірлемелермен, отандық селекцияның перспективалы сорттарының демонстрациялық егістіктерімен, заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен, цифрлық шешімдермен және инновациялық технологиялармен танысты.