Ауыл шаруашылығы дақылдарын селекциялау елдің аграрлық секторын дамытудың стратегиялық бағыты. Қазақстанда құрғақшылыққа, ауруларға және қолайсыз климаттық жағдайларға төзімді сорттарды шығару бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде. Осы жұмыстың аясында ағымдағы маусымда далалық және зертханалық циклдің маңызды кезеңдері жүзеге асырылды. Олардың қатарында селекциялық питомниктің бірінші жылғы өнімін жинау, бірінші ұрпақ (F1) будандарын іріктеу,, отбор гибридов первого поколения (F1)сондай-ақ арпаның жаңа сорты – «Қарағанды 20» тұқымын тазалау бар..
Қолмен жинау: уақытпен сыналған дәлдік
Қоспаларды болдырмау және жоғары дәлдікті қамтамасыз ету үшін селекциялық питомниктің 1-жылдық желілерін қолмен жинау жүргізілді. Бұл әдіс селекцияның бастапқы кезеңінде әлі де таптырмас болып саналады, өйткені әрбір желі – ғылыми тұрғыдан құнды жеке будандық комбинация. Әр желінің тәжірибелік алқабы – 0,5 м². уборка линий селекционного питомника 1 года вручную. Этот метод по-прежнему незаменим на начальных этапах селекции, когда каждая линия — это отдельная гибридная комбинация, представляющая научный интерес. Площадь делянки каждой линии – 0,5 м2.
“Қолмен жинау көп күшті талап етеді, бірақ дәл осы жерде болашақ жаңа сорттар дүниеге келеді”, – дейді дала жұмыстарында қатысқан жетекші ғылыми қызметкер Середа Григорий Антонович., ведущий научный сотрудник, участвующий в полевых работах.
Будандарды іріктеу: генетикалық деңгейдегі жұмыс
Бірінші ұрпақ будандарын (F1) ата-аналық формаларымен отбору гибридов первого поколения (F1) вместе с бірге іріктеуге ерекше көңіл бөлінді.Бұл кезде тамыр жүйесін сақтай отырып,өсімдіктің будандық дәрежесін анықтау міндетті болды. Мұндай тәсіл өсімдіктің даму ерекшелігін зерттеуге, бейімделу белгілерін бағалауға және болашақ селекцияға лайық будандарды анықтауға мүмкіндік береді.
“Селекция – алдын ала болжау өнері. Біз тек өнімділікті ғана емес, өсімдіктің құрғақшылықта, сортаңда немесе вегетациялық кезеңнің ұзақтығында өзін қалай ұстайтынын да бағалаймыз”, – деп атап өтті Середа Г.А.
Жаздық бидайдың экологиялық және конкурс сынақтарын «Винтерштайгер» комбайнымен 4 қайталауда жинау жүргізілді. Бұл жерде дән өнімділігі, өнім құрылымы, дәннің физикалық қасиеттері анықталды. Питомниктер – жаңа сорттың болашағын айқындайтын соңғы кезең. Сонымен қатар, жаздық жұмсақ бидайдың 9 жаңа сортын шағын көбейту питомнигінде жинау жұмыстары жүргізілді. Дәнді бұршақ дақылдарының конкурс сынағы да жиналды, ноқаттың дән массасы мен өнім құрылымы анықталды.
«Қарағанды 20»: жаңа буын сорты
Маусымның ең маңызды жетістіктерінің бірі – «Қарағанды 20» арпасының жаңа сортынСМ-4 тұқым тазалау машинасында тазалау болды.Бұл сорт – дала аймағының жағдайына бейімделген, көпжылдық селекциялық жұмыстың нәтижесі.
Характеристики сорта ячменя «Карагандинский 20»:
- Оригинатор: «Қарағанды ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС (А.Ф. Христенко атындағы)
- Бағыты: мал азықтық, құрамажем өнеркәсібіне жарамды
- Пісу мерзімі: орташа пісетін
- Өнімділігі: құрғақшылықта гектарына 30 ц дейін
- Төзімділігі: құрғақшылыққа, жатып қалуға, негізгі ауруларға (септориоз, ұнтақты шық)
- Аймақтандырылуы: Солтүстік Қазақстан және Абай облысы
- Ерекшеліктері: 1000 дән массасы жоғары, масағы біркелкі, өнгіштігі күшті
Очистка семян проводилась на СМ-4 машинасында-тұқым тазалау барысында жеңіл қоспалар, зақымданған дәндер және шаң жойылды. Бұл тұқымды түпнұсқалық және элиталық тұқым өндіруге дайындап, облыстың ауылшаруашылық құрылымдарында сортты жаңартуға мүмкіндік береді.
Болашаққа көзқарас
«Қарағанды 20» сорты өндірістік жағдайда жоғары нәтижелер көрсетті және елдің құрғақ аймақтарына енгізуге ұсынылды. Оның қолданылуы ауыл шаруашылығында қолайсыз ауа райы жағдайларында да тұрақты өнім алуға мүмкіндік береді.
“Ғылым мен өндіріс – ажырамас ұғымдар. Әрбір жаңа сортпен біз елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жақындай түсеміз”, – деп түйіндеді Середа Григорий Антонович.







