"Халықаралық күздік бидай бағдарламасы: селекция мен зерттеудің жаңа перспективалары"

  • Home
  • "Халықаралық күздік бидай бағдарламасы: селекция мен зерттеудің жаңа перспективалары"
Shape Image One

"Халықаралық күздік бидай бағдарламасы: селекция мен зерттеудің жаңа перспективалары"

А. Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығы халықаралық күздік бидай бағдарламасы аясында шетелдік қонақтарды қабылдады. Түркия және Ресей елдерінен келген ғалымдарға орталықтың жұмысы таныстырылып, орталық басшысы Тимур Савин ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа селлекциялық жетісітктерді көрсетті. Сондай-ақ қонақтар күздік бидайға арналған арнайы егістіктер мен эксперименттік учаскелердің куәсі болды.

Егін станцияларында жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында қонақтар ғалымдардың ғылыми жұмыстарымен танысып, жаздық жұмсақ және қатты бидайға мамандандырылған селекциялық питомниктердің жұмысын тамашалады.

Шетелдік сарапшылар отандық күздік бидай дақылдарын жоғары бағалады, ауыл шаруашылығы саласы үшін маңызды боп саналатын дақылдар Қазақстанның солтүстік өңірлерінде селекциялық ғылыми зерттеулер аймағын кеңейтуге мүмкіндік береді. Айта кетейік, солтүстік Қазақстанның диқандары соңғы жылдардағы құрғақ ауа-райын ескере отырып, қазірдің өзінде күздік бидайды егуді бастап кетті.

Шара қатысушылары кездесудің жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Сонымен қатар, қазақстандық ғалымдардың жасаған еңбегін жоғары бағалап, алдағы уақытта ауқымды жобаларды бірлесе атқаруға ниет білдірді.

Мақала сілтемесімен бөлісіңіз
0
kk