ҰАҒББО ғалымдары таулы ормандардағы жаңа зиянкестермен күресу тәсілін ұсынды

  • Home
  • ҰАҒББО ғалымдары таулы ормандардағы жаңа зиянкестермен күресу тәсілін ұсынды
Shape Image One

ҰАҒББО ғалымдары таулы ормандардағы жаңа зиянкестермен күресу тәсілін ұсынды

Таулы ормандардағы екпелерді басқарудың маңыздылығы жаңа карантиндік зиянкестердің - сыған көбелегінің пайда болуына байланысты өзекті бола түсуде. Бұл зиянкестер алма, алмұрт, қара өрік және өрік сияқты әртүрлі жеміс ағаштарына, сондай-ақ терек, қайың, үйеңкі және Қарағаш сияқты орман түрлеріне шабуыл жасау қабілетімен танымал.

Жұпсыз жібек көбелегі көктемде +5, +6°C температурада жетіле бастайды. Жапырақтармен қоректенетін жас құрттар желмен таралады және жақын орналасқан бақтардың ағаштарына қонып, зиянын тигізуі мүмкін.

Денесінде ұзын қылшықтары бар жас жұлдызқұрттар желмен аспанға көтеріліп, едәуір қашықтыққа барып, бір ағаштан екінші ағашқа және көршілес бақтарға таралады. Жаздың бас кезінде жұлдызқұрттар өрмек жіптермен шырмалған жапырақтардың арасында немесе қабықта борпылдақ пілләға оранып қуыршаққа айналады. Көбелектер жаз ортасында жыныс бездері пісіп жетілген күйде шығады және олар қоректенбейді.

Жұпсыз жібек көбелектің құрттары өте ашкөз және жапырақтарды тез жеп, 95-100 пайыз жалаңаш тәжге дейін жеткізеді.

Бүгінде еліміздің орман қорын сақтау мен ұлғайту үшiн орман және орман питомниктеріндегі зиянкестер мен аурулардың санын реттеу жөнiндегi шараларды тұрақты негiзде ғылыми-әдiстемелiк әзiрлеу мен жетiлдiру қажет екендігін үнемі айтып келеміз. Жыл сайын жасыл желектерде кездесетін зиянкестердің саны артып, түрлері де өзгеруіне байланысты тұрақты мониторинг жұмыстары атқарылу қажет. Аталған зиянкеспен ғалымдардың ұсынысы бойынша механикалық, химиялық, биологиялық тәсілдерді ұштастыра отырып күресу шараларын атқарған абзал. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2 миллиард ағаш егіп, Қазақстанның көмкерілген орман аумағын 5%-ға жеткізу қажет екенін ескерсек, бар байлығымыз - орман қорын аурулар мен зиянкестерден дер кезінде сақтап қалу кезек күттірмес мәселе екені сөзсіз.

Мақала сілтемесімен бөлісіңіз
0
kk

Контактная информация Свяжитесь с нами​

Телефон

+7 (7172) 72-86-71

E-mail

agrobilimonline@gmail.com

График работы

Понедельник-пятница с 09.30-18.30

Если у Вас остались вопросы, можете связаться с нами, заполнив следующую форму: