ҰАҒББО ҚР АШМ қолдауымен жоғары өнімді мақта өсіруді бастайды

  • Home
  • ҰАҒББО ҚР АШМ қолдауымен жоғары өнімді мақта өсіруді бастайды
Shape Image One

ҰАҒББО ҚР АШМ қолдауымен жоғары өнімді мақта өсіруді бастайды

Қазақстанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында мақта селекциясы өсіруг бағытталған белсенді жұмыс басталды. Жобаның негізгі мақсаты – еліміздің әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарында тұрақты өнімді қамтамасыз ете алатын бәсекеге қабілетті мақта сорттарын дамыту.

24 және 25 сәуір аралығында селекциялық питомниктерде комбниацияланған гибридті үлгідегі тұқымдар отырғызылды. Биыл жобаға 33 станциялық сынама, 26 гибридті комбинация және биологиялық питомниктен 420 сынама қатысуда. Жоба нәтижесінде, М-4011 және М-5027 сорттарының 40 тонна элиталық тұқымын алу жоспарлануда.

Егілген орташа талшықты мақта сорттары гектарына 45-тен 50 центнерге дейін жоғары өнімділігімен және ерте пісетіндігімен ерекшеленеді. Өнімді жинау науқаны отырғызылған кейін орташа есеппен 110 немесе 117 күннен кейін теріле бастайды. Талшықтың сапасы жоғары – шығымы 38-40%, талшықтың ұзындығы 33-34 мм құрайды. Кейінгі селекциялық жұмыстар үшін үлгілерді іріктеу қазірдің өзінде басталып, бағдарламаның қорытындысы бойынша бір жаңа сортты Қазақстанның ауыл шаруашылығы сынаулары мен сорттары жөніндегі мемлекеттік комиссиясына беру жоспарлануда.

Вегетациялық кезеңде өсімдіктерді тыңайту, қатараралық өңдеу, зиянкестермен күресу және суару сыңды жұмыстар белсенді түрде жүргізілді. Мақта жинау науқаны ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде басталды.

Мақала сілтемесімен бөлісіңіз
0
kk

Контактная информация Свяжитесь с нами​

Телефон

+7 (7172) 72-86-71

E-mail

agrobilimonline@gmail.com

График работы

Понедельник-пятница с 09.30-18.30

Если у Вас остались вопросы, можете связаться с нами, заполнив следующую форму: