22 октября 2025 года в г.Астана в рамках ежегодной выставки KazAgro/KazFarm-2025, где приняли участие 33 дочерних компании НАО «Национального аграрного научно-образовательного центра» (НАНОЦ) Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, прошла конференция-контрактация на тему: «Агрохаб: наука и бизнес».
Іс-шара Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылып, аграрлық саладағы жетекші мамандарды Агрохабты құрудың негізгі бағыттарын талқылау үшін бір алаңға жинады. Агрохаб - бұл ғылымды, білім мен бизнесті біріктіре отырып, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытуға бағытталған бірегей платформа.
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы (Орталық) аграрлық салада ғылым, білім, мемлекет пен бизнесті байланыстырушы маңызды рөл атқарады. Бүгінде Орталық еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 33 ұйымды біріктіріп, агроиндустриядағы тұрақты инновацияларды дамытуға ықпал етіп келеді.
Орталықа қарасты ғылыми-зерттеу институттары өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық ресурстарын сақтау, ветеринариялық және фитосанитарлық қауіпсіздік, жер және су ресурстарын тиімді пайдалану, сондай-ақ өсімдік және мал шаруашылығында селекциялық жұмыстар жүргізу бағыттарында ғылыми зерттеулер жүргізуде. Қазіргі уақытта орталықтың ғылыми бағдарламаларына 2 400-ден астам ғалым тартылған, олардың 744-і Хирш индексі бойынша жоғары дәйексөздік көрсеткішке ие. Бұл - еліміздің ғылыми әлеуетінің айқын дәлелі.
Орталықтың жүзеге асырып жатқан маңызды жобалар қатарына қазақстан-қытай бірлескен Астық орталығын құру, органикалық егіншілікті дамыту, экологиялық таза өнім өндіру, жас мамандарды даярлау және қолдау жатады.
Агрохабтың жұмысы екі стратегиялық бағытқа шоғырланған: • Отандық өнімді жаһандық нарыққа шығару (генетикалық идентификация, маркерлік селекция, климатқа бейімделген егіншілік, органикалық өнім өндіру); • Технологиялық көшбасшылық пен кадр даярлау (AgriTech-инкубатор, «АӨК-тің 100 жас ғалымы» бағдарламасы, «Агроуниверситет 2.0» платформасы, фермерлік шаруашылықтарды цифрландыру және «Ақылды ферма» жобасы).
В ходе конференции состоялось подписание ряда важных соглашений и договоров, включая создание совместного российско-казахстанского Агробиотехнопарка, договоры по фитосанитарному сопровождению, лицензионные соглашения по инновационным проектам, также договоры купли-продажи семян и научного сопровождения. Были подписаны 10 ключевых соглашений и договоров, общая сумма соглашений составила
более 700 млн тенге.
«Бұл келісімдерге қол қою - жай ғана рәсім емес, бұл Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жолындағы нақты қадам. Ғылым, білім және бизнестің тығыз әріптестігі отандық агроиндустрияны жаңа сапа мен бәсекеге қабілеттілік деңгейіне шығаратынына сенімдіміз», – деп Максим Сутула Орталықтың Басқарма төрағасының орынбасары атап өтті. - «Барлық серіктестерге белсенділігі мен ынтымақтастыққа деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз. Бұл әріптестік алдағы жылдары табысты жобалар мен жаңа инновациялардың берік негізі болатынына сенімдіміз».
Баспасөз қызметі
ҚР АШМ Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы





































