Алматы қаласында «Климаттың өзгеруі жағдайында топырақ ресурстарын тұрақты басқару» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталған іс-шара У.У. Успанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтының 80 жылдық мерейтойына арналды.
Конференция аясында Қазақстан мен шет елдерден келген 140-тан астам ғалым, сарапшы және практик мамандар топырақтану, агрохимия және топырақ экологиясын дамыту бойынша тәжірибе алмасып, ортақ ұсыныстар әзірлеу мақсатында бас қосты.
Шетелдік делегаттар қатарында АҚШ, Германия, Қытай, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан және Беларусь елдерінің жетекші ғалымдары болды: Георг Гуггенбергер, Уве Шиндлер (Германия), Фабиан Фернандес (АҚШ), Чжан Ганлин, Юаньмин Чжан, Тянь Чанъян, Ян Фэй (ҚХР), Дуглас Годболд (Чехия), Мустафаев М. (Әзербайжан), Иванов А.Л. (Ресей), Цыриба В. (Беларусь), Байбагышов Э.М. Uwe Schindler (Германия), Фабиан Фернандес (США), Zhang Ganlin, Yuanming Zhang Tian Changyan, Yang Fei, (КНР), Douglas Godbold (Чехия), Мустафаев М. (Азербайджан), Иванов А.Л. (Россия), Цыриба В. (Беларусь), Байбагышов Э.М.
Қазақстандық ғылымды ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары таныстырды: Айтбаев Т.Е., Бастаубаева Ш.О., Саданов А.К., Кененбаев С.Б., Қозыбаева Ф.Е., Дүйсембеков Б.А., Қалдыбаев С.К., Балғанбаев А.М., Рыспеков Т.Р., Тәутенов И.А., Сәрсекова Д.Н.
Конференцияда 45 пленарлық және секциялық баяндама тыңдалды:
- климаттың өзгеруі жағдайында топырақ ресурстарын ұтымды пайдалану,
- инновационных решений по мелиорации и управлению засоленными почвами;
- топырақ экологиясы мен биологиясы,
- топырақтанудағы цифрландыру,
- топырақтағы көміртекті секвестрлеу және басқа да өзекті мәселелер бойынша
БҰҰ шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясының (UNCCD) деректеріне сәйкес, әлем бойынша жерлердің 33%-ы орташа немесе күшті деградацияға ұшыраған, жыл сайын шамамен 24 млрд тонна құнарлы топырақ жоғалады. Қазақстан үшін деградация мен тұздану қаупі өзекті: ел аумағының кемінде 21,3%-ы деградталған, ал 78% жерлер одан әрі тозуға бейім.
Конференция қорытындысы бойынша қабылданған резолюцияда қатысушылар келесі бастамаларды қолдады:
- топырақтану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
- ғылыми зерттеулердің ашықтығын және нәтижелердің апробациясын қамтамасыз ету;
- жер құнарлылығын сақтау мен қалпына келтіру, топырақтың мелиоративтік және экологиялық жағдайын жақсарту және агроөнеркәсіптік кешенде қауіпсіз өнім өндіру мақсатында ғылым, агробизнес пен мемлекеттік органдардың өзара әрекетін күшейту.
Сонымен қатар; цифрлық топырақ карталары мен топырақ денсаулығы индексін жаңарту, көміртек пен ылғалдылықты бақылауды кеңейту, мелиорация және тұздану, эрозия мен шөлейттенуге қарсы инновациялық шешімдерді енгізу, сондай-ақ агроклиматтық аймақтар бойынша өлшеулерді стандарттау және технологияларды тарату бойынша практикалық шаралар ұсынылды:
«Бұл қадамдар аграршылар үшін тәуекелдерді азайтып, азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге және топыраққа елдің стратегиялық капиталы мәртебесін қайтаруға мүмкіндік береді. Басты мақсат – Қазақстандағы әр гектар жерді тиімді әрі тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету», – деп Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Максим Сутула атап өтті. Максим Сутула.
Қатысушылар климаттың өзгеруін қазіргі заманның негізгі сын-қатерлерінің бірі ретінде атап өтті. Ол биосфераның барлық құрамдас бөліктеріне, соның ішінде топырақ жамылғысына да әсер етеді. Топырақ ресурстарын сақтау мен ұтымды пайдалану азық-түлік қауіпсіздігін, агро- және экожүйелердің тұрақтылығын, сондай-ақ су айналымын реттеу, көміртекті байланыстыру, биоалуантүрлілікті сақтау және шаңды дауылдардан қорғау сияқты экожүйелік қызметтерді қамтамасыз етудің стратегиялық шарты ретінде танылды.









