«Jańa Dala / Green Day 2025» халықаралық көрме-демонстрациясы аясында «Қазақстан – Франция» конференциясы өтті. Іс-шараны «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ ұйымдастырды.
Конференцияға Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге, сондай-ақ Limagrain, Maisadour, IDENA, MG2Mix, Transfaire, Bioret және басқа да Францияның ірі агроөнеркәсіптік компанияларының делегациялары қатысты.
Конференция Қазақстан-Франция инвестициялық форумының жалғасы ретінде өтті. Оның аясында НАНОЦ стратегиялық маңызы бар бірқатар келісімдерге қол қойды.
- Lidea компаниясымен өзара түсіністік туралы меморандумға
- IMV Technologies компаниясымен меморандумға
- SAS Sommet de l’Elevage (Мал шаруашылығы саммиті) ұйымымен меморандумға
- сондай-ақ осы ұйым мен «Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы» ЖШС арасындағы әріптестік келісімге қол қойылды.
Франциялық компаниялар АӨК саласындағы озық технологиялық шешімдер мен инновацияларды таныстырды. Қатысушылар агросектордағы өзекті мәселелерді, технологиялар трансфері мен екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
«Мұндай кездесулер білім алмасуға, үздік тәжірибелерді енгізуге және Қазақстан мен жаһандық аграрлық қауымдастық үшін маңызды шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ықпал етеді», – деп атап өтті ҰАҒББО өкілдері.



