«Мактаарал-5030» мақта сорты ҰАҒББО-да сынақтан өтуде

  • Home
  • «Мактаарал-5030» мақта сорты ҰАҒББО-да сынақтан өтуде
Shape Image One

«Мактаарал-5030» мақта сорты ҰАҒББО-да сынақтан өтуде

«Мақта және бақша шаруашылығы ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС жаңа «Мактаарал-5030» мақта сортының соңғы сынақ кезеңін аяқтауда. Бұл сорт 2022 жылы мемлекеттік сортсынаққа тапсырылып, биыл патенттеледі деп күтілуде.

Сынақ нәтижелері бойынша, сорттың агрономиялық әлеуеті жоғары екені дәлелденді. Вегетациялық кезеңі – 110–115 күн. Шикі мақта өнімділігі – гектарына 43,5 центнер. Бір қауашақтағы мақтаның массасы – шамамен 6,1–6,2 грамм. Талшықтың шығымдылығы – 39,7%, ұзындығы – 33,5 мм, микронейр – 4,5, бұл тоқыма өнеркәсібіне қажетті сапа талаптарына толық сай келеді. Талшықтың сызықтық тығыздығы – 5300 мтекс, үзілуге төзімділігі – 4,9 г/с.

Сарапшылардың ерекше назарын аударған басты ерекшелігі – сорттың вилт ауруына жоғары төзімділігі. Залалдану кезінде ауру белгілері бар-жоғы 0,1% деңгейінде байқалды, бұл стандартты «Береке-07» сортындағы 0,4%-дан айтарлықтай төмен.

Морфологиялық белгілері бойынша «Мактаарал-5030» — биіктігі 120 см-ге дейін жететін, бұталары жайыла өсетін өсімдік. Симподиальды бұтақтары 4–5 түйінде түзіледі. Мақта өсімдігі ірі жасыл жапырақты, 4–5 қалақты домалақ қауашақтары бар, пісіп-жетілгенде жақсы ашылатын, ақ әрі таза талшықты. 1000 тұқымның салмағы шамамен 125 грамм.

Сорт агротехникалық жағдайларға жақсы бейімделеді, әсіресе ерте себілгенде жоғары нәтиже көрсетеді. Ұсынылатын себу сызбасы – 90х1х10. Машинамен жинауға бейімділігі жоғары. Орташа тұздалған және құнарсыз топырақтарда өсімдік жиілігін гектарына 130–135 мың данаға дейін жеткізу ұсынылады. Жоғары өнімділікке қол жеткізу үшін суаруды өнім қалыптасуының белсенді фазасында жүргізу қажет.

2024 жылдан бастап «Мактаарал-5030» сорты Қазақстанда аудандастыруға рұқсат етілген сорттар тізіміне енгізілді.

Мақала сілтемесімен бөлісіңіз
0
kk

Контактная информация Свяжитесь с нами​

Телефон

+7 (7172) 72-86-71

E-mail

agrobilimonline@gmail.com

График работы

Понедельник-пятница с 09.30-18.30

Если у Вас остались вопросы, можете связаться с нами, заполнив следующую форму: