«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Қазақ егіншілік және өсімдік ШҒЗИ базасында «Егінжай күні» пленарлық отырысын өткізеді

  • Home
  • «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Қазақ егіншілік және өсімдік ШҒЗИ базасында «Егінжай күні» пленарлық отырысын өткізеді
Shape Image One

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Қазақ егіншілік және өсімдік ШҒЗИ базасында «Егінжай күні» пленарлық отырысын өткізеді

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында «Агроөндірістегі цифрлық технологиялар – тұрақты дамудың негізі» тақырыбындағы «Егінжай күні» пленарлық отырысын өткізеді.

Іс-шараға аграрлық ғылым, білім беру, бизнес және агроөнеркәсіп кешені салаларының өкілдері қатысады.

Өтетін күні: 2026 жылғы 20 маусым

Өтетін орны: Алматы облысы, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының демонстрациялық егістік алқаптары.

Пленарлық отырыс барысында дәлме-дәл егіншілік, цифрлық мониторинг, агроаналитика, автоматтандырылған басқару жүйелері, селекция және тұқым шаруашылығындағы инновациялық технологиялар, сондай-ақ су ресурстарын тиімді басқарудың заманауи тәсілдері талқыланады.

Сонымен қатар, ғылыми әзірлемелер мен өндірістік технологиялардың көрмесі ұйымдастырылады.

Іс-шара агроөнеркәсіп кешенін цифрлық трансформациялау, ғылым, білім беру және өндіріс арасындағы өзара байланысты нығайту, сондай-ақ тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаң болмақ.

Мақала сілтемесімен бөлісіңіз
0
kk

Контактная информация Свяжитесь с нами​

Телефон

+7 (7172) 72-86-71

E-mail

agrobilimonline@gmail.com

График работы

Понедельник-пятница с 09.30-18.30

Если у Вас остались вопросы, можете связаться с нами, заполнив следующую форму: